көркем сурет мектебі

Көркем сурет балалар мектебі туралы қысқаша мәлімет

Көркем сурет балалар мектебі 1987 жылы ашылған.

Отыз жылдан астам уақыт бойында балаларға көркем эстетикалық білім беруде өз үлесін қосып келе жатқан тәжірибелі және талантты ұжым жұмыс атқарады.

Педагогтер саны 12, оның ішінде: 2 педагог-зерттеуші, 6 педагог-сарапшы, 4 педагог-модератор қызмет жасайды.

Қазіргі таңда сурет мектебінде: академиялық сурет, композиция, кескіндеме, мүсін, қолданбалы композиция, компьютерлік графика, өнер тарихы пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі,

Көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болуда. Мектепті аяқтап жоғары оқу орындарын бітіріп: сәулетші, дизайнер, суретші, мүғалім мамандықтарын алған оқушыларымыз өте көп.